Қазақстан құрамасы 15-ші бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында 13 медальға қол жеткізді - 5 алтын, 3 күміс және 5 қола

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Солтүстік Ирландияның астанасы Белфаст қаласында өткен 15-ші бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындары аяқталды.

Бес спортшы-полиция қызметкерінен тұратын Қазақстан құрамасы бұл халықаралық жарыста 13 медальды (5 алтын, 3 күміс және 5 қола) еншіледі, деп хабарлады команданың баспасөз қызметі.

15-ші бүкіләлемдік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындары 2013 жылғы 1-10 тамыз аралығында Солтүстік Ирландияның астанасы Белфаст қаласында өтті. Ойындарға әлемнің 67 елінен шақырылған 20 мыңға жуық адам, соның ішінде құқық қорғау органдарының 10000-ға жуық қызметкері қатысты. Спортшылар 56 спорт түрі бойынша сынға түсті. Келесі ойындар 2015 жылы Вашингтонда (АҚШ) өтеді.