Қазақстан құрамасы 2013 жылы ФИФА рейтингінде 142-інші орынды сақтап қалды

АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастығының (FIFA) жаңартылған рейтингінде

2013 жылдың қаңтар айында бұрынғы орында қалды, бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды.

Қазақстандық құраманың еншісінде қазіргі уақытта 200 ұпай және 142-інші орын бар. Қазақстанмен қатарлас Чад пен Барбадос құрамалары орналасқан. Ресей құрамасы ФИФА рейтингінде 9-ыншы орынға табан тіреді. Тізімнің айтқысыз көшбасшысы 1 606 ұпай жинаған Испания құрамасы болып табылады. Одан кейін Германия (1437), Аргентина (1290), Италия (1165), Колумбия (1164) келеді.