Қазақстан құрамасы әлемдік Гран-приге қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 7 шілдеде волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы әлемдік Гран-при турниріне қатысады. Волейболшы қыздарымыз осымен сегізінші рет өз бақтарын сынап көрмек, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жолы қазақстандық волейболшылар алғаш рет екінші топта өнер көрсетеді. Себебі турнирдің сxемасы өзгерген еді. Жаңа дивизионда біршама қиындау болады. Себебі құраманың сапында жарақат алып қалғандар аз емес. Алайда өткен жылғы турнир кезінде тура сондай қиындықтар болған. Соған қарамастан, волейболшыларымыз финалға дейін жетіп, екінші дивизионға ілікті.

Негізі, биылғы турнирдің алдында команданың мықты деген спортшыларының біразы жарақат алып қалды. Бұған дейін Халықаралық волейбол федерациясы Қазақстан құрамасына әлемдік Гран-приге қатысуға рұқсат бермеген. Себебі Болгарияның Русе қаласына он-ақ спортшы баратындығын айтқан. Алайда федерациясымен өткізген келіссөздерден кейін қазақстандық спортшыларға баруға рұқсат берілді. Осылайша, алдағы турнирге Людмила Исаева, Екатерина Жданова, Диана Кемпа, Наталья Акилова, Ирина Кенжебаева, Катерина Татко, Радмила Береснева, Антонина Рубцова, Әлия Батқұлдина мен Татьяна Фендрикова аттанды. Исаева жарысқа барса да, жарақатына байланысты ойнай алмайды. Бұдан бөлек, Ирина Лукомская, Коринна Ишимцева, Кристина Аниконова мен Сана Анарқұлова жарысқа шықпайтын болды.

Бапкерлердің айтуынша, әлемдік Гран-придің бірінші кезеңінде қиын болады. Алайда Алматыда өтетін екінші кезең кезінде командаға Алла Богдашкина мен Алеся Сафронова қосылуы әбден мүмкін.

Волейболдан әлемдік Гран-при. Қазақстан құрамасы қатысатын ойындардың тізімі. Екінші топ.

1-кезең. А2 тобы. Болгария, Русе қаласы

7 шілде
23:10 Қазақстан - Болгария

8 шілде

19:40 Қазақстан - Германия

9 шілде
19:40 Қазақстан - Оңтүстік Корея

 

2-кезең. D2 тобы. Қазақстан, Алматы

14 шілде
17:10 Қазақстан - Германия

15 шілде
17:10 Қазақстан - Колумбия

16 шілде
17:10 Қазақстан - Хорватия

 

3-кезең. H2 тобы. Оңстүстік Корея, Сувон қаласы

21 шілде
13:00 Қазақстан - Оңстүстік Корея

22 шілде
13:30 Қазақстан - Польша

23 шілде
13:30 Қазақстан - Колумбия

 

«Төрттіктің финалы». Чехия, Острава

29-30 шілде.