Рейтингте бірінші орынды бұрынғыша Канада құрамасы (3 990 ұпай) иеленіп отыр, шведтер (3 945) Ресейді (3 930) басып озып, екінші орынға көтерілді.
Қазақстан құрамасы екі позиция жоғалтып, 18-ші орынға жайғасты (2 760).
IIHF жаңартылған рейтингі:
1. Канада - 3 990 ұпай
2. (3) Швеция - 3 945
3. (2) Ресей - 3 930
4. (6) АҚШ - 3 765
5. (4) Финляндия - 3 765
6. (5) Чехия - 3 690
7. (8) Швейцария - 3 590
8. (7) Германия - 3 575
9. (9) Норвегия - 3 270
10. (10) Словакия - 3 245
18. (16) Қазақстан - 2 760
Еске салайық, Қазақстан 2019 жылы ерлер командасы арасында бірінші дивизионда А тобының әлем чемпионатын қабылдайды. Дайындық аясында ұлттық құрама Аустрия және Италиямен кездеседі.
Қазақстандық команда 2019 жылы сәуірде чемпионаттың алдында Беларусьпен және Оңтүстік Кореямен ойнайды.