Қазақстан құрамасы Әзербайжандағы халықаралық турнирде бақ сынайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нахчыванда 22-23 шілдеде Гейдар Алиевке арналған жастар арасындағы еркін күрес бойынша дәстүрлі халықаралық турнир өтеді.

azerisport.com хабарлағандай, жеңіс үшін айқасқа Ресей, Түркия, Иран, Грузия, Өзбекстан, Қазақстан, Әзербайжан және Нахчыван командалары қатысады.

22 шілдеде топтық кезеңде кездесу өтеді, ал 23-і финал және үшінші орын үшін матч өтеді.

Жүлдегер командаларды Ұлттық күрес федерациясы марапаттайды.