Бүгін командалық сында жеңімпаздар белгілі болды. Қазақстан ұлттық құрамасы тарихымызда тұңғыш рет құрлық додасының жеңімпазы атанды.
«Ақтық сында отандастарымыз Өзбекстан құрамасын 3:2 есебімен ұтты. Үш кездесуде атыраулық спортшылар Ануар Сариев, Дәулет Теміржан және Жанбота Аманжолов өз қарсыластарынан басым түсті», - дейді облыстық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Ілияс Шайхиев.
Ал үшінші орынды Оңтүстік Корея мен Жапония елдері бөлісті.
Айта кету керек, құрамадағы 12 спортшының сегізі - атыраулық.
22:52, 08 Қыркүйек 2019
Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 6-8 қыркүйек күндері Атырау спорт кешенінде парадзюдодан Азия және құрлық елдерінің чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.