Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының ширек финалына жолдама алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада теннистен өтіп жатқан Дэвис Кубогының 1/8 финалындағы Қазақстан - Швейцария арасында өткен матчта отандастарымыз ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін жұптық кездесуде Тимур Хабибулин мен Александр Недовесов дуэті арасындағы тартысты өрбіген бес сеттік ойында швейцариялық Марк-Андреа Хуслера мен Лука Маргароли жұбынан басым түсті. Есеп - 6:4, 6:4, 3:6, 6:7, 6:3.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Дмитрий Попко мен Михаил Кукушкин швейцариялық Генри Лааксонен мен Ардиан Бодмерді жеңген болатын. Осылайша, Қазақстан мен Швейцария арасындағы матчта есеп 3:0 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді.

Турнирдің ширек финалында отандастарымыз Канада-Хорватия жұбының жеңімпаздарымен кездеседі.