АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьте өтіп жатқан ТМД елдерінің ойындарында дзюдодан Қазақстан құрамасы командалық бәсекеде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық балуандар финалда Ресей құрамасына есе жіберді.
Оған дейін ширек финалда Әзербайжанды 7:6, жартылай финалда Беларусь құрамасын 7:5 есебімен жеңді.
Командалық жарыста үшінші орынды Өзбекстан және Беларусь құрамалары иеленді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қанат Нұркелді (60 келі) ТМД елдері ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Финалда қазақстандық балуан ресейлік қарсыласына есе жіберді. Одан бұрын ресейлік және өзбекстандық қарсыластарынан басым түсті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.