Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір саты жоғарылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңарған рейтингінде бір саты жоғарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM»-ға сілтеме жасап.

Жаңа рейтинг бойынша Қазақстан құрамасы 116-орында Сьерра-Леоне мен Мозамбиктің арасында тұр. Үздіктер үштігінде өзгеріс болған жоқ: бірінші орында Бельгия тұр, екінші - Франция, үшінші - Бразилия келеді.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2020 іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында Шотландияны ірі есеппен (3:0) жеңіп, Ресейден ірі есеппен (0:4) жеңілген болатын.

ФИФА рейтингі (4 сәуір):

1. Бельгия - 1737 (ұпай)
2. Франция - 1734
3. Бразилия - 1676
4. Англия - 1647
5. Хорватия - 1621
6. Уругвай - 1613
7. Португалия - 1607
8. Швейцария - 1604
9. Испания - 1601
10. Дания - 1586...
116. Қазақстан - 1171.