Қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 117 орынға жайғасты.
Қазақстан құрамасы қазан айында УЕФА Ұлттар Лигасы аясында екі матч өткізді. Сырт алаңда Латвия құрамасымен 1:1 есебімен тең түссе, өз алаңында Андорра құрамасын 4:0 есебімен ұтты.
Станимир Стоилов командасы келесі ойынын 15 қараша күні «Астана Арена» стадионында Латвиямен өткізеді.
Кездесу Астана уақытымен 21:00-де басталады.
19 қараша күні біздің футболшылар сырт алаңда Грузиямен ойнайды.
Еске сала кетсек, қыркүйек айындағы рейтингте Намибия мен Зимбабве Қазақстанның алдына шығып кеткен болатын.