Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде тоғыз саты жоғарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде тоғыз саты жоғарылап, 118-орынға шықты, деп жазады alaman.kz.

"Қазақстан өткен айда 127-орында тұрған. Осылайша, біздің құрама қазір Ливан, Мозамбик, Судан, Вьетнам елдерін құрамаларына жақындап қалды.

Алғашқы ондықта да біраз өзгерістер орын алды. Аргентина құрамасы үш саты төмендеп, алтыншы орында тұр. Португалия үздік үштікте. Ал Бразилия алтылыққа енді", - деп жазылған ұлттық спорт порталында.