Қазақстан құрамасы FIFA рейтингісінде үш орынға төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - FIFA елдері құрамасының жаңартылған рейтингісі шықты. Қазақстан құрамасы 136-ыншы орынды иеленіп, алдыңғы рейтингпен салыстырғанда үш орынға төмендеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Біздің командамыздан кейін посткеңестік кеңістік елдерінен  Литва мен Молдава ғана орналасқан. Әлемнің ең мықты құрамалары үштігін Германия, Бразилия және Португалия бастап тұр.

23 қарашадағы FIFA рейтингісі:

1 (1). Германия - 1602 ұпай

2 (2). Бразилия - 1483

3 (3). Португалия - 1358

4 (4). Аргентина - 1348

5 (5). Бельгия - 1325

6 (8). Испания - 1231

7 (6). Польша - 1209

8 (11). Швейцария - 1190

9 (7). Франция - 1183

10 (9). Чили - 1162

 

35 (30). Украина - 781

65 (65). Ресей - 534

80 (76). Өзбекстан - 437

84 (80). Эстония - 407

90 (90). Армения - 383

92 (91). Беларусь - 372

104 (107). Грузия - 322

112 (114). Түрікменстан - 292

115 (120). Қырғызстан - 282

117 (115). Әзербайжан - 281

127 (123). Тәжікстан - 255

131 (129). Латвия - 233

136 (133). Қазақстан - 220

148 (145). Литва - 179

166 (167). Молдова - 111.