«2016 жылдың 29 наурызында Қазақстан құрамасы Тбилисиде Грузия футболшыларымен кездеседі. Ал, 30 тамыз күні сырт алаңда Қырғызстан құрамасымен ойнайды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Грузия футболшыларымен 2006 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирінде бір топқа түскен еді. Алматыда өткен ойында біздің футболшылар 1:2 есебімен жеңілсе, Тбилисиде өткен матч 0:0 есебімен аяқталды. Қазақстан мен Грузия құрамалары арасындағы соңғы матч 2013 жылдың 14 тамызында «Астана Арена» стадионында өтті. Сол кездесуде Сергей Хижниченко соққан голдан кейін Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Қазақстан құрамасы Қырғыз футболшыларымен 7 жолдастық кездесу өткізіп, оның бесеуінде жеңіске жетті. Ал, екі ойында жеңімпаз анықталмады. Екі елдің құрамалары арасында соңғы матч 2014 жылдың 5 қыркүйегінде «Астана Арена» стадионыда өткен еді. Сол ойында Қазақстан құрамасы 7:1 есебімен айқын жеңіске жеткен еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Әзербайжан құрамалары 26 наурыз күні Түркияның Анталия қаласында жолдастық матч өткізетіні хабарланған-ды.
20:01, 28 Қаңтар 2016
Қазақстан құрамасы Грузия және Қырғызстан футболшылармен ойнайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық құрамасының жолдастық кездесудегі қарсыластары белгілі болды, деп хабарлады ҚР Футбол федерациясының баспасөз қызметінен.