Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында рекорд орнатты

РИГА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

29 мамырда өткен Қазақстан мен Италия құрамалары арасындағы ойында Юрий Михайлистің командасы 11:3 есебімен ойсырата жеңді. Топтық кезеңнің бір матчында Қазақстаннан артық ешкім гол соққан жоқ. Топтық кезеңде екінші орында Германия мен Италия (9:4), үшінші орында – Словакияны (7:3) жеңген Чехия.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы В тобында он ұпаймен бесінші орынды иеленіп, турнирдің плей-офф кезеңіне шыға алмай қалды.