Қазақстан құрамасы Хорватиямен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы 12 тамызда Алматыда Хорватия командасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Израильмен де келіссөздер жүргізілді, бірақ та қорытындысында Қазақстанға Әлем чемпионаты-2014 финалдық бөлігі қатысушыларының бірі келуі тиіс, деп хабарлады Sports.kz.

Қазіргі кезде ФИФА рейтингісінде Хорватия 18-ші орында, оның бас жаттықтырушысы Нико Ковач, ал капитаны - Дарио Срна.