Қазақстан құрамасы италиялық хоккейшілерді екінші рет жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстан құрамасы Италиямен жолдастық матчта қарсыласын 3:1 есебімен ұтты, деп жазады Sports.kz.

Қарсы ойында бірінші шайбаны Федор Полищук салды. Сонымен бірінші жиырма минуттық аяқталды. Екінші кезеңде Андрей Назаров командасының қоржынына Алексей Воронцев пен Михаил Паньшин ұпай салды. Осыдан кейін ғана итальяндықтар Қазақстан қақпасына жауапты бір шайба соқты.

Еске салсақ, кеше қазақстандықтар қарсыластарын 2:0 есебімен ұтқан болатын.