АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасын салтанатты түрде шығарып салатын күн белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Салтанатты шара 23 қаңтарда сағат 15.00-де АИБА Бокс академиясында (Талғар ауданы, Алматы облысы) өтеді.
Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеттің басшылығы, сондай-ақ шаңғы спорты, биатлон, фристайл-акробатика мен фристайл-могулдан ұлттық құрама командалар қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.