Сөйтіп, 7 тамызда құрлықтық біріншілік чемпиондары атағы үшін ҚР-ның ММА бойынша құрамасының мына мүшелері айқасқа шығады:
61,2 келіге дейінгі салмақ санатында - Азамат Марқабаев (Ақтөбе)
65,8 келіге дейінгі салмақ санатында - Исмаил Героев (Қарағанды)
70,3 келіге дейінгі салмақ санатында - Неймат Асадов (Қарағанды)
77,1 келіге дейінгі салмақ санатында - Гойти Дазаев (Ақтөбе)
84 келі салмақ санатында - Бауыржан Қуанышбаев (Қарағанды)
93 келіге дейінгі салмақ санатында - Еркінбек Инжель (Ақтөбе)
93 келіге дейінгі салмақ санатында - Мохмад Сулиманов (Қарағанды).
Сондай-ақ Азия чемпионаты ауқымында халықаралық "BATTLE OF NOMADS-9" WMMAA PRO ASIA DIVISION кәсіби турнирі өтеді, онда Қазақстан палуандары Корея командасымен айқасқа түседі.
Аса жеңіл 61,2 келі салмақтағы Азия чемпионы және әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері Сергей Миороновтың (6-1-0) қарсыласы Lee Youn Jin (1-1-0) болмақ.
65,8 келі жеңіл салмақ санатында «Номаттар ұрысы-9» сайысында жас палуан Абылайхан Қадіржан (1-0-0) өте тәжірибелі кореялық палуан See Sung In Heig-пен (6-4-2) сайысқа түседі.
Кәсіби ұрыстарда жеңіліп көрмеген екі палуан - әлем чемпионы және Азия чемпионы Шавкат Рахмонов (6-0-0) пен Park Jun Young (3-0-2) сайысы 80 келілік аралық салмақта өтеді.
Қазақстанның ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясы 2016 жылғы 16 қаңтардағы №28 мемлекеттік акакредитацияға сәйкес мемлекеттік тізілімде тіркелген спорттың дербес түрі.
Қазақстан ММА федерациясы үш жылдан аз-ақ уақыт ішінде 4 Республика чемпионатын, 2 Қазақстан кубогын, ММА бойынша алғашқы Азия чемпионатын және халықарлық кәсіби «BATTLE OF NOMADS» WMMAA PRO ASIA DIVISION 8 кәсіби турнирін өткізді.
ММА бойынша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үш рет күміс жүлдеге ие болды, Азия чемпионаттарында екі жыл қатарынан жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды.