Бұған дейін біздің ұлттық құраманың қарсыласы Эквадор командасы болып белгіленген еді. Алайда, Эквадор футбол Федерациясы басшыларының ойынға қатысамыз деген 14.07.2010 жылғы ресми хатына қарамастан, шілденің 19-ында кеште Қазақстан футбол Федерациясы өздерінің латинамерикандық әріптестерінен «Қазақстандағы ойынға баруға қажетті авиабилеттер сатып алудың мүмкіндігі болмағанын» айтып кешірім сұраған хатын алды. Қазақстан футбол Федерациясы осы жағдайға байланысты қандайда бір шешім қабылдауы үшін ресми құжатты ФИФА-ға берді.
Қалыптасып отырған жағдайға байланысты ҚФФ басшылары тез арада спарринг серіктес табуға әрекет жасап, ол Оман ұлттық құрама командасы болып белгіленді.