Қазақстан құрамасы шығыс жекпе-жегі бойынша Азия ойындарында екінші орын алды

АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат Тамыздың 1-9-ы аралығында Бангкокте (Тайланд) өткен шығыс жекпе-жегі бойынша алғашқы Азия ойындары аяқталды, деп хабарлады Астана қаласының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан.

Жарыстар  спорттың 9 түрі  бойынша - джиу-джитсу, дзюдо, карате-до, кикбоксинг, кураш, муайтай, пенчак силат, таэквондо, ушу және  кунфу -  өтті.   Құрлықтың   45 елінен 2 500  спортшы қатысқан ойындарда   Қазақстан спортшылары спорттың  7 түрінде өнер  көрсетті.

Қазақстан   құрамасы 34 медальмен     қорытынды жалпыкомандалық  есепте екінші  орынды иеленді.   Біздің  құраманың  қоржынына  15 алтын,  7 күміс,   12 қола медаль  салынды.

Бірінші  орынға 54 медальмен (21-17-16)      алаң иелері  көтерілсе,  үшінші  орынға     Корея Республикасы  табан тіреді  Ол  елдің спортшылары 19 награда   (10 алтын,  6 күміс, 3  қола)  қанжығалады.

Қытай, Жапония,  Вьетнам, Индонезия,  Өзбекстан, Қытай Тайпейі  және  Үндістан  елдерінің  командалары     үздіктер  ондығына кіре алды.