Қазақстан құрамасы V Халықаралық армия ойындарында жалпыкомандалық есепте марапатталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәскеу облысындағы «Алабино» полигонының «Патриот» саябағында V Халықаралық армия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі мен жалпыкомандалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау шарасы өтті. Жарыс қорытындысында Қазақстан Қарулы күштерінің құрамасы үшінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

V Халықаралық армияойындарының жабылу шарасына еліміздің әскери ведомствосының басшысы НұрланЕрмекбаев қатысты. Ол шетелдік әріптестерімен кездесіп, әскери ынтымақтастықмәселелерін талқылады. Сонымен қатар Қазақстан Қарулы күштері құрамасын 2019жылғы армия ойындарында лайықты өнер көрсетулерімен құттықтады. Қазірдің өзіндеұйымдастырушылар, сарапшылар және қатысушылар бұл жолғы мерейтойлық ойындардыңең ауқымды болғандығын мойындап отыр. Биыл далалық, теңіз және әуе дағдыларыбойынша 32 конкурстан тұратын жарысқа 39 елден 223 команда қатысты. Бұлрекордтық сан саналады. Бұған қоса, конкурс 10 елдегі 21 полигонда, Каспий,Балтық теңіздері және Парсы шығанағы айдындарында бір мезетте өткізілгенболатын.

2019 жылғы армияойындары бағдарламасындағы 3 конкурс Қазақстан жерінде өтті. Қазақстанаумағында миноатқыш есептоптарының – «Артиллериялық оқ ату шеберлері», ұшқышсызұшу құрылғыларының – «Сұңқар аңшылығы» және байланысшылар арасындағы – «Сенімдіқабылдау» сайыстары болды .Аталған ойындардың бірі «Сенімді қабылдау» сайысындақазақстандық әскери байланысшылар нағыз жеңімпаз атанды, ал екінші орынды Ресеймен Қытай өзара бөлісті, үшінші орын – Беларусь елінің еншісінде. Ұшқышсыз ұшуқұрылғылары есептоптарының арасындағы «Сұңқар салу» сайысында Қазақстан біріншіорын алды.

Команда қарсыластарын дайындық жылдамдығы мен ұшқышсыз ұшуқұрылғыларының ұшу нәтижелерімен анықтады, бақылау нүктесінің бағытымен ұшыпөтуде қазақстандықтар үздік нәтиже көрсетті. Екінші орын Ресей мен Беларусь,үшінші орын – Иранның қанжығасына байланды.

Армия ойындарыныңауқымды конкурстарының бірі – «Артиллерия атысының шеберлері» бойынша - алтынмедаль Қазақстан әскери қызметшілерінің қоржынында, күміс жүлдеге ресейліктерлайық деп танылса, қола жүлде өзбек ағайындарға бұйырды. Рязаньда өткен«Авиадартс» байқауының бірінші кезеңінде біздің әскери ұшқыштар үздікдайындықтарын көрсетті. Су-25 жойғышының, МИ-35 және Ми-171Ш тікұшақтарыныңэкипаждары алғашқы орынды иеленсе, Су-30СМ жойғышының ұшқышы үшінші орындыеншіледі. Мәскеу облысында өткен «Адал дос» байқауында біздің кинологтаркомандалардың рейтингі жоғары өкілдерінің арасындағы жеке біріншілікке таласойындарында бірінші орынды иеленді. «Танк биатлоны» конкурсындаҚазақстан танкішілері үшінші орын алды.

Әскери жарысжанкүйлерлері мен кез келген азамат конкурс барысын, ойындардың ашылу жәнежабылу салтанатын шынайы уақыт режімінде тамашалай алды. Онлайн-трансляциябірнеше интернет алаңда, сондай-ақ Қазақстанның спорт телеарнасының эфиріндекөрсетілді.

Соңғы жаңалықтар