Қазақстан құрамасы Ванкувер олимпиадасында бейресми жалпыкомандалық есепте 25-ші орын алды

None
аурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Канаданың Ванкувер қаласында аяқталған XXI қысқы олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы 1 күміс медальмен 80 елдің ішінде бейресми жалпыкомандалық 25-ші орын алды. Сөйтіп біздің команда араға екі олимпиада салып барып қысқы олимпиада ойындарында медаль жеңіп алған кұрамалардың тізіміне енді.

Қазақстан құрамасының қоржынына күміс медальді 15 шақырымға жеке жарыста биатлоншы қыз Елена Хрусталева салды. Жалпы Ванкувер олимпиадасыгда 26 елдің құрамасы медальдар жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ванкувер олимпиадасында әлемнің 80 елінен үш мыңнан астам спортшысы қатысты. Олимпиадада спорттың 15 түрінен 86 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Ал Қазақстан құрамасы болса биатлон, шаңғы спорты, тау шаңғысыспорты, конькимен жүгіру, тұғырдан шаңғымен секіру, фристайл (могул), шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, фристайл (шаңғы акробатикасы)сынды спорттың тоғыз түрінен сынға түсті. Қазақстан құрамасының бейресми жалпыкомандалық есепте 80 елдің ішінен 25-ші орын алуын тәуір жетістік деп бағалауға болады. Бұл олимпиадада биатлоншыларымыз, шаңғымен жарысқан спортшыларымыз және мәнерлеп сырғанаушыларымыз жақсы нәтижелер көрсетті.

Ал Ванкувер олимпиадасында бейресми жалпыкомандалық есепте жарыс қожайындары - Канада құрамасы 14 алтын, 7 қола, 5 күміс медальмен 1-ші орын алды. Екінші орынды 10 алтын, 13 күміс, 7 қола медальмен Германия құрамасы иеленді. Үшінші орынды АҚШ құрамасы алды. Олардың еншісінде 9 алтын, 15 күміс, 13 қола медаль бар. Одан кейінгі орындарды Норвегия, Оңтүстік Корея, Швейцария, Қытай, Швеция, Австрия, Голландия, Ресей, Франция, Австралия, Чехия, Польша, Италия, Беларус, Словакия, Англия, Латвия, Жапония, Словения, Хорватия, Литва, Финляндия, Қазақстан, Эстония құрамалары алды.