Қазақстандық волейболшылар жарыс бойы жақсы ойын көрсетіп, үшінші партияда жеңіске қол жеткізулеріне аз қалған еді. Алайда өз алаңдарында ойын көрсетіп жатқан неміс командасы өздерінің басымдықтарын соңғы сәтте көрсетті. Қорытынды есеп Германияның пайдасына 3:0 (25:17, 25:16, 25:22) шешілді.
Матчта Қазақстан құрамасының ойыншылары Виталий Эрдштейн (11 ұпай), Александр Стольников (5 ұпай) және Василий Донец (5 ұпай) жақсы ойын өргегін көрсетті.
3 маусым күні Қазақстан құрамасы Венесуэламен бақ сынайды, жарыстың басталуы Астана уақытымен сағат 19:00-де.