Қазақстан құрамасы жартылай финалда швециялықтарға айып добын соғу кезінде 5:6 есебімен есе жіберді

АЛМАТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Өткен сенбіде Алматыда өтіп жатқан 32-Әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық жігіттер швециялық құрдастарымен ойынның негізгі уақытында 4:4 есебімен тең түсті.

 Одан кейін бұл есепті қосымша уақытта ешкім өзгерте алмағандықтан, ойын тағдыры 12 метрлік айып добын соғу арқылы шешілді.  Онда 6:5 есебімен қонақтардың мерейі үстем болды.

Алексей Никишев жаттықтыратын ұлттық құрама топтық сында Швеция мен Ресейден кейін 3-орынға табан тіреген болатын. Олар шведтерге 1:9, орыстарға 6:8 боп жеңілгенімен, американдықтарды 13:3, норвектерді 10:1, финдерді  10:4 етіп жеңді.  Енді ертең қола жүлде үшін финдермен қайта кездесетін болды. Финдер жартылай сында орыстарға 4:6 есебімен ұтылған еді.