Қазақстан құрамасы желкенді қайықтан лицензиялық Азия чемпионатында бақ сынайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Желкенді қайықтан Қазақстан құрамасы лицензиялық Азия чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған лицензиялық жарыс Оманның Маскат қаласында өтеді. Байрақты бәсеке 2-8 сәуір күндеріне жоспарланған. Лицензиялық жарысқа Қазақстан құрамасынан төрт спортшы қатысады.

Карина Жанғазова, Яна Белозерова, Владимир Щанкин және Руслан Жанғазов ел намысын қорғайтын болады.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда спортшылар Азия чемпионаты алдындағы дайындықтарын пысықтап, оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр.