Коллекцияның негізгі нысаны - техно-стильде орындалған сұңқар құс. Қазақстан тарихында жыртқыш құстармен аң аулау үлкен маңызға ие екені белгілі. Аңды көп қағатын құстар еркіндіктің, биікке ұмтылудың символы болып есептеледі. Негізгі детальдардың бірі ретінде барлық өнімдерден көрінетін «KZ» әріптерін айтуға болады.
Спорттық экипировка жаттығуға және шеруге арналған костюмдерден, поло, шолақ шалбар, жеңіл жейде және өзге де қажетті элементтерден құралған. Барлығы 16 бағыт бар. Форманың дизайны мен дайындалуы қазақстандық өндірушілерге тапсырылды. Формадағы киімдердің барлығы Азия ойындарын қабылдаушы мемлекет - Индонезияның климаттық ерекшеліктерін есепке ала отырып дайындалды.