Қазақстан құрамасының экс-бас бапкері жұмыссыз қалуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Юрий Красножан маусымаралықта «Химкиден» кетуі мүмкін. Әзірге ол тек келісімшарттың аяқталғаны туралы хабарлама алған, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА «Матч ТВ»-ға сілтеме жасап.

Маманның өзі бұл ақпаратты растаған да жоқ, жоққа да шығармады.

«Хабарламаны келісімшарттың уақыты бітіп жатқандардың барлығына таратты, деді Красножан «Матч ТВ» тілшісіне. - Әзірге ештеңе айта алмаймын. Басшылықпен кездесу болмағанға дейін, бұл шешім талқыланбайды. Әзірге кездесу болған жоқ».

«Біздің өмірімізде ештеңені жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, асықпайықшы», - деп мәлімдеді Юрий Красножан Матч ТВ-ға берген сұхбатында.

Ресейлік маман футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын 2014 жылдың ақпанынан 2015 жылдың желтоқсанына дейін басқарған еді.