Темірлан Ерланов мансабын қаскелеңдік «Сұңқар» клубында бастады. 2013 жылы Ерланов «Востокқа» ауысты.
2016 жылы қорғаушы шымкенттік «Ордабасы» командасымен келісімшарт жасасты. Клуб құрамында 70-тен астам матч өткізді. Айта кетейік, ол грузиндік «Торпедо» командасымен кездесуде жеңісті голдың авторы атанды. Өткен жылы шымкенттіктермен бірге «қола» жүлдеге қол жеткізді.
Ерланов Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 7 матчқа алаңға шығып,1 гол соққан. Қорғаушымен келісімшартқа 2020 жылдың соңына дейін жасалды.