«2014 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегерлеріне қарсы матч 10 қазан күні «Астана-Арена» стадионында өткізілмек. Трансляцияның басталу уақыты - 21.40»,- деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз-қызметі.
Ұлттық арнадағы негізгі трансляциядан бөлек «Kazsport» телеарнасында сағат 21.00 де арнайы жоба эфирге шығады. 40 минутқа жоспарланған тікелей эфир барысында студия қонағы мен жүргізуші алдағы матч жайлы ойларын ортаға салады.
Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі соңғы кездесуін ұлттық құрамамыз 13 қазан күні қонақта, Латвия футболшыларына қарсы өткізеді. Аталған матчтың трансляциясы Астана уақытымен 00.30-да басталады.