Қазақстан құрамасының ойыншысы «Ақсудан» Қостанайдың «Тобылына» ауысты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Павлодардың «Ақсуынан» Қостанайдың «Тобылына» ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: kff.kz

«Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Р.Оразов 12 сәуір күні келісімшартқа отырды.

Рамазан Оразов – «Қайрат» академиясының түлегі.

2019 жылдың 11 шілдесінде ол Еуропа лигасында босниялық «Широки Бриег» клубымен матчта дебют жасады. Жауап матчында еурокубоктардағы алғашқы добын соқты. 2020 жылы латвиялық «Даугавпилске» ауысты. Екі жылдан кейін Рамазан Оразов ресейлік «Чайка» клубымен келісімшартқа отырды, онда 12 матч өткізді. «Чайкадан» кейін Рамазан «Ақтөбе» және «Ақсу» командаларында ойнады.

2021 жылдың 31 наурызында Украинамен ойында Қазақстан құрамасы сапында алғаш рет алаңға шықты.

Туған күні: 30 қаңтар 1998 жыл.

Бойы: 171 см.

Салмағы: 65 келі.

Позиция: жартылай қорғаушы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Лионель Мессидің Криштиану Роналдудың рекордын жаңартқанын жазған едік.