Қазақстан құрамасының ойыншысы С. Гридин «Ақтөбеге» ауысты

None
АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Сергей Гридин «Ақтөбе» командасымен бір жылдық келісім-шарт жасасты, деп хабарлайды «Аламан» ұлттық спорт порталы.

Гридин бұған дейін «Цесна», «Каспий», «Алматы», «Жетісу», «Тобыл», «Астана», «Шахтер» командаларында ойнаған..

Ұлттық құрама сапында 11 ойын өткізіп, төрт гол соқты.