АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ян Вороговский «Астана» клубына алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Астана» клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Ян Вороговскиймен 3,5 жыл мерзімге келісімшарт жасалды.
«Көк-сарылар отбасына қош келдіңіз, Ян!» - делінген мәлімдемеде.
Ян Вороговский 1996 жылы 7 тамызда Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келді.
Жартылай қорғаушы қазақстандық командалармен қатар, Бельгияның «РВД Моленбек» клубында доп тепті. Қазақстан құрамасы сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бірінші лигада «Ақжайықты» ұтқан «Тұранның» көш басына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).