Оның хабарлауынша, ағымдағы жылғы он айдың ішінде төтенше жағдайлар қызметі 47 мың апаттық-құтқару жұмыстарына қатысты. Соның барысында 5857 мың адам құтқарылды. «Міне, осының нәтижесінде өткен жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда, биыл төтенше жағдайлардың саны 17,3 пайызға азайып, адам өлімі 12 пайызға қысқарды», - дейді В.Божко.
Министр атап көрсеткендей, бүгінде республика бойынша құтқарушылар бір тәуліктің ішінде 100-240 рет сан алуан төтенше жағдайларға шығып тұрады.