Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Әзербайжан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия, Ресей, Иран, Қытай Халық Республикаларынан 11 ұлттық ерлер командасының құрамасы және Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь елдері мен Ресей Федерациясынан 4 ұлттық әйелдер командасының құрамасы қатысады.
«Біздің еліміздің намысын ерлер мен әйелдер командасындағы әлемдік деңгейдегі спортшылар қорғайтын болады. Чемпионат аясында өртке қарсы авариялық-құтқару жабдықтарының халықаралық көрмесі, өртті сөндіру және алдын алу саласындағы нанотехнологиялардың көрсетілімі ұйымдастырылды», - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
Бұл іс-шараның мақсаты - өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын дәріптеу, кәсіби және спорттық шеберлікті арттыру, достық байланыстарды нығайту, түрлі елдердің өрт сөндіру-құтқару қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайту және халықаралық деңгейде өрт сөндіру-құтқару спортын одан әрі дамыту.