Қазақстан құтқарушылары әнұранының авторы өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 қыркүйекте созылмалы ауыр науқастан 67 жасында Қазақстан құтқарушылары әнұранының авторы Сырым Рақымов өмірден озды.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құрметті ардагерінің мезгілсіз қайтыс болуына орай көңіл білдіріп, марқұмның туысқандары мен жақындарының қайғыларына ортақтасты, деп хабарлайды ТЖК-ның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Сырым Рақымұлы төтенше жағдайлар органдарында отыз жылдан астам қызмет еткен.