«Лаңкестік акт ретінде танылған Қытай Халық Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігіне жасалған шабуылды үзілді-кесілді айыптаймыз. Аталған қылмысты егжей-тегжейлі тергеу мен кінәлілерді жауапкершілікке тартуда қырғыз тарапының жігерлілігін қолдаймыз. Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелерінің өзектілігіне қайта назар аударудамыз. Лаңкестіктің кез-келген нысандары мен көріністеріне жол берілмеуі тиістігін мәлімдеп, аталған зұлымдыққа қарсы халықаралық күш-жігерді біріктіруге шақырамыз», - делінген мәлімдемеде.
12:00, 31 Тамыз 2016
Қазақстан Қырғыз еліндегі Қытай Елшілігіне жасалған шабуылды үзілді-кесілді айыптайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігіне жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады.