«Нұрсұлтан Әбішұлы екі мектептің құрылысына ақша бөлді. Бастапқыда бір мектеп жоспарланған еді. Енді 2 мектеп салынатын болды. Бірі елдің оңтүсігінде Ош қаласында болатын шығар, ал екіншісі Қырғызстанның солтүстігінде салынады», - деп атап өткен А.Атамбаев Елбасына осындай қолдау көмегі үшін зор алғысын білдірді.
Сонымен қатар Қырғызстан Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың алғашқы мемлекеттік сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастың, ынтымақтастықтың жаңа белесі болып табылатындығын баса айтты.