Аталған хаттамаға 2013 жылғы 11 сәуірде Астана қаласында қол қойылған. Заң жобасының мақсаты Ош облысында тоғыз жүз орындық мектеп салу және оған іргелес жатқан аумақты абаттандыру болып табылады. Хаттамамен осы келісімге мектептің санын екіге дейін көбейту бөлігіне өзгеріс енгізіліп отыр. «Қырғыз тарапы нысандарды салу үшін Бішкек қаласында 2, 49 гектар көлемінде және Ош қаласында 2,5 гектар көлемінде Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес қандай да бір міндеттемелерден босатылған жер учаскелерін ұсынатын болады. Мектептерді салу «Самұрық-Қазына» қоры бөлетін, жалпы мөлшері 1 млрд. 200 млн. 800 мың теңге қаражат есебінен жүзеге асатын болады.