БІШКЕК. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан қырғыз жастары үшін білім гранттарын бөледі. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің үшінші отырысынан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Біз қырғыз жастары қазақ университеттерінде білім алуы үшін грант бөлеміз. Оның ішінде бүгінгі таңда әлемдегі үздік оқу орындарының рейтингіне кіретін астанадағы халықаралық университет те бар».
Сонымен қатар, Елбасы Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарында қырғыз жастарының білім алып жатқандығын атап өтті.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.