Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Украина журналистері Алматыда денсаулық сақтау саласындағы келелі мәселелерді талқыламақ

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2-3 қараша күндері Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Украина журналистері Алматыда бас қосып, денсаулық сақтау саласындағы келелі мәселелерді, оның ішінде тұмау мен басқа да жұқпалы аурулар жайын талқылайтын болады.

«Тұмау және жұқпалы аурулар: БАҚ-та ақпараттандырылуы» тақырыбымен журналистерге арналған семинарды АҚШ Мемлекеттік департаментінің Мұхиттар істері мен халықаралық экологиялық және ғылыми мәселелер бойынша бюросы ұйымдастырып отыр.

Семинарға сондай-ақ, АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құс тұмауы, пандемиялық тұмау, сондай-ақ жалпы жұқпалы аурулар бойынша өңірлік және халықаралық сарапшылары қатысады.