Қазақстан-Қырғызстан шекарасында контрабандалық жүк өткізудің жолы кесілді

АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан-Қырғызстан шекарасында «Оңтүстік» өңірлік басқармасының шекара отряды контрабандалық жүк өткізудің жолын кесті.

Бұл ақпаратты ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі таратып отыр.

«6 наурызда «Гродиково» мен «Шөлдала» шекара заставаларының учаскесінде 3 «КамАЗ» көлігімен Қырғызстаннан елімізге жалпы салмағы 33 тонна азық-түлікті шекарадан заңсыз алып өтпек болған Қазақстанның 2 және Қырғызстанның 3 азаматы ұсталды», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ ҚР ҰҚК ақпараты бойынша, сол күні Қырғызстаннан «КамАЗ» көлігімен жалпы салмағы шамамен 24 тонна болатын жанармай алып өтпек болған 2 Қазақстан азаматы қолға түскен.

«Контрабандалық осы фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ведомство ақпаратында.