Қазақстан Қырғызстандағы жағдай таяу уақытта бейбіт жолмен шешілуі тиіс деп есептейді - К. Мәсімов

None
әуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Қазақстан Қырғызстандағы жағдай таяу уақытта бейбіт жолмен шешілуі тиіс деп есептейді.

Бүгін Астанада Грузия Премьер-Министрі Николоз Гилауримен жүргізілген келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз екіжақты кездесу барысында тұтастай алғанда Орталық Азиядағы ахуалды және бізге көрші мемлекет Қырғызстанда қалыптасқан жағдайды талқыладық. Кеше Қазақстан Президенті осы мәселеге қатысты арнайы мәлімдеме жасады. Біз Қырғызстандағы жағдай таяу уақытта бейбіт тәсілмен шешілуі тиіс деп есептейміз. Ең бастысы, адамдар зардап шекпеулері керек», деді К. Мәсімов.

Премьер-Министр Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасы ретінде Қырғызстанға өзінің арнайы өкілі, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжановты жібергенін атап көрсетті. «Ж. Кәрібжанов мырза қазір Бішкекте және жергілікті жерде жағдайды бақылауда. Содан кейін Қазақстан Үкіметімен белгілі бір шешім қабылданатын болады», деді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, сондай-ақ Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасы ретінде Қырғызстан аумағындағы жағдайдың тез арада реттелуіне ықпал ету үшін ЕҚЫҰ-ның Венадағы штаб-пәтерімен келісе отырып, ЕҚЫҰ өкілі Зальбург мырзаны Бішкекке жіберу туралы шешім қабылдаған. Ол Бішкекке бүгін баратын болады.