Қазақстан Қырғызстанға ЕАЭО-ға бейімделуі үшін көмектеседі

БІШКЕК. ҚазАқпарат -  Қазақстан Қырғызстанға Еуразиялық экономикалық одақ жағдайына бейімделуі үшін Қырғызстанға қаржылай қолдау көрсетеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 «Қырғыз экономикасының ЕАЭО жағдайына бейімделуі үшін қаржылай көмек көрсету шешімі қабылданды. Құжаттар ратификациялауға берілді», - деп хабарлады Бішкекте ЖЕЭК кеңейтілген отырысы барысында ҚР Президенті Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан көрші елге көмек көрсетуге үнемі әзір екенін атап өтті және ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттерді бір-бірін қолдауға шақырды.

 «Қазіргі экономиканың ауыр кезеңінде бір-бірімізге өзара көмек көрсетуіміз қажет. Сонымен, біздің еліміз жағынан көрші  Қырғызстанға көмектесу үшін нақты шаралар қабылданды: Қазақстан арқылы транзитпен қырғыз жүктерін тасымалдау кезінде ішкі темір жол тарифтері ұсынылды. Бұл біздің  әріптестерімізге 60 миллион доллар үнемдеуге мүмкіндік берді», - деп қосты Н. Назарбаев.

Еске салсақ, Бішкекте «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында Қырғызстанның төрағалығымен ЖЕЭК отырысы өтуде. Кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Ресей, сондай-ақ  ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекет болған Молдова президенттері келді.