«27-28 тамызда Беловодское темір жолына Қазақстан Республикасынан 5 мың адамға арналған шатыр, жылыту пеші, көрпе, төсек-орын, ас-үй керек-жарақтары түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді»,- делінген хабарламада.
Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсету шешімін Қазақстан үкіметі қабылдағаны атап өтіледі. Көмек төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға арналған.