«Қосымша 100 млн. текше метр газ жеткізу мәселесі шешілді. Бұл өте мағызды мәселе болатын. Біз «Алматы-Кемин» жобасын жүзеге асыруға бірлесіп кірісуге тапсырма бердік. Бұл бізге болашақта электр энергиясын экспорттауға мүмкіндік береді. Сонымен энергетика саласының басқа да, атап айтқанда, жаңа бірлескен су электр стансасын салу мәселесі талқыланды. Үкіметаралық комиссияға Шымкенттен Қырғызстан территориясына мұнай құбырын тарту туралы мәселені зерделеу де қазірдің өзінде жүктелді», - деді Қырғызстан Президенті.
16:58, 22 Тамыз 2012
Қазақстан Қырғызстанға қосымша 100 млн. текше метр газ жеткізеді - А.Атамбаев
БІШКЕК. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Қырғызстанға қосымша 100 млн. текше метр газ жеткізеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің үшінші отырысынан кейін Қырғыстан Президенті Алмазбек Атамбаев мәлім етті.