Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта негізгі астықты солтүстік өңірлердегі элеваторларда шамамен 7 млн тонна астық бар. Оларды жаңа өнім жиналғанға дейін босату үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» еліміздің батыс, оңтүстік және шығыс облыстарына астықты жөнелтуде.
«Қазіргі уақытта 133 млн тонна астық аймақтарға жеткізілді. Жалпы 500 мың тонна астықты өңірлерге жеткізу жоспарланған», - деді ол.
Басқарма төрайымының сөзіне қарағанда, өңірлерге астықты жеткізу барысында вагондардың жетіспей қалу проблемасы туындаған. Дегенмен бұл проблемалар уақытылы шешілді. Ендігі меже қыркүйек айына дейін қалған астықты жеткізу болып тұр.
«Осыдан кейін 3,8 млн. тонна көлеміндегі астықты ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін экспортқа шығару қажет», - деп атап өткен Б.Құдасбаеваның айтуынша, жыл басынан бергі аралықта Қазақстан 11 млн. тоннадан астам астықты экспортқа жөнелткен.