«17-20 қыркүйек аралығында БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтерінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі аясында Қазақстанның қатысуымен бірқатар маңызды іс-шара өтеді. Олардың ішінде 17 қыркүйекте Ауғанстандағы жағдайға және БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясына қатысты пікірталастар, 18 қыркүйекте Сириядағы гуманитарлық және саяси жағдай жөніндегі брифинг, 20 қыркүйекте Таяу Шығыстағы жағдай, соның ішінде Палестина мәселесі бойынша брифинг өтеді», - деді ол.
СІМ өкілінің айтуынша, БҰҰ алаңында өтетін бұл оқиғалардың барлығын және Қазақстан делегациясының сөйлеген сөзін БҰҰ хатшылығының веб-телеарнасы арқылы онлайн-режімде көруге болады.
«Кездесулер БҰҰ-ның барлық ресми тілдерінде көрсетіледі»,- деді Айбек Смадияров.