ТурСтат дерегіне сәйкес, қысқы демалысқа қолайлы ТМД-дағы 5 үздік елдің қатарына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Армения кіреді.
Қыста саяхаттағанды жақсы көретін туристер үшін Қазақстанда Астана мен Алматы қалалары, Алматы тауларындағы Шымбұлақ, Бурабай және Шығыс Қазақстан облысындағы тау шаңғысы шипажайы өте тартымды.
Ал Әзербайжанда туристер ел астанасы Баку мен Шеки қаласына, Шахдаг пен Туфандаг тау таңғысы шипажайына және Нафталан сауықтыру шипажайына жиі барады.
Қырғызстанда Бішкек қаласы, Қаракөл тау шаңғысы шипажайы және су қатпайтын Ыстықкөл туристердің сүйікті орнына айналған.
Туристер қысты күні Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына, Жібек жолы бойындағы Бұқара мен Самарқанд қалаларына және Чимган тау шаңғысы шипажайына баруды қалайды.
Армения болса астанасы Ереванмен және Цахкадзор тау шағысы курортымен қысқы туризмді жақсы көретіндер үшін танымал орынға айналған.