Қазақстан-Қытай газ құбырының үлкен саяси-экономикалық мәні бар - Қ. Сұлтанов

А. Қарашаның 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑   Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» жобаны талқылау барысында сенатор  Қуаныш Сұлтанов мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған газ құбырының еліміз үшін әлеуметтік-тұрмыстық мәнімен қоса, саяси-экономикалық маңызы да зор. Жоба бүкіл өңірде бұрын соңды болмаған жаңа сапа, жаңа деңгейге жол ашайын деп тұр. Әсіресе, бұл бағыттағы Бейнеу-Бозой желісінің мүмкіндігі еліміз үшін айтарлықтай серпінді болмақ. Қытай тарапынан мемлекетішілік рәсімдер толық аяқталып, бұл жобаларға үлкен қызығушылық білдіріп отырғанын көрсетті. Жалпы, бұл келісімге 2007 жылы қол қойылған, бірақ Парламентке кешеуілдеп келіп түсті», деді сенатор. Оның айтуынша, Сенаттың тұрақты комитеттерінен ешқандай ескертпелер түспеген.