Мемлекет басшысы Қытай-Қазақстан-Еуропа бағдарымен контейнерлік жүк тасымалдау тұрақты артып, еселене түскендігін атап өтті. 2020 жылға қарай жүк тасымалының көлемі жылына 2 млн контейнерге жететігіне сенімді екендігін баса айтты.
«Осылайша Қазақстан маңызды транзиттік елге айналып келеді. Бұл біздің мүддемізге сай», - деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қытай іскерлік кеңесінің жұмысына да тоқталып өтті.
«Бүгін Астанада аталған кеңестің төртінші отырысы өтіп жатыр. Оның аясында қазір ғана сіздердің қатысуларыңызбен қол қойылған құжаттардан бөлек 8 млрд доллардың 20-ға жуық коммерциялық келісіміне қол қойылатын болады», - деді Қазақстан Президенті.